«Ағамның жағдайын білу үшін»: Төреғали Төреәлінің екі қарындасы да Алматыға жедел ұшып келді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 2.3k

Белгілі әнші Төреғалиа Төреәлінің қарындасы мәлімдеме жасады. Оның денсаулығына байланысты жеке концерті кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әншінің екі қарындасы да Астанадан Алматыға ұшып келді.
“Ағамның жағдайын білу үшін аяқ-асты ұшып келдік. Алматыға қонғанда жүрегім орнына түсті. Бірақ қандай күйде жеткенімді бір Алла ғана біледі”, – деп жазды Дина Төреәлі.
Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің төрт концерті өтпей қалған еді. Мұның себебін түсіндірген әкесі желіге жазба қалдырды.
“Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын берсін”, – деп жазған еді әншінің әкесі.