Қазақстандықтардың қосымша құн салығын қашаннан бастап төлейтіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 84

Қосылған құн салығы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Заң әлі күшіне енген жоқ. Егер ол қабылданса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстандықтарға оның әсері тек 2026 жылдың наурызында, төлем мерзімі келгенде болады. Біз бизнес үшін әлдеқайда қолайлы жағдайлар жасаймыз. Мен қорытынды жасауға асықпас едім», - дейді шенеунік.
Қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер салықтың аталған түрінен толықтай босатылады. Қосылған құн салығына денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Сыныптас қыз үшін»: Қарағандыда 9 және 10 сынып оқушылары төбелесті
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 наурыз, 2025