Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді Қазақстанда ипотека алу жеңілдемек

Енді Қазақстанда ипотека алу жеңілдемек
Сурет: comnews.ru
Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздейді

Енді елімізде ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы құдат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі.

Қаулы жобасына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді. Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздейді. 

Ал қалған несиелер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгермейді: кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46 пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35 пайыз.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар