Елімізде көлік астына әдейі түсетін алаяқтар көбейді
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2025
- 392

Елімізде жол апатын ұйымдастырып ақша бопсалайтын алаяқтар көбейіп барады. Олар әдейі көлік астына түсіп полицияны шақырмай мәслені өзара шешуге итермелейді. Тіпті алдын ала келісіп алған куәгерлері де дайын тұрады екен. Полиция қызметкерлері бұл жағдай бизнеске жалғасып кеткенін айтады. Сондықтан сақ болып, көлікке бейнебақылау камерасын орналастырып алуға кеңес береді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттіг 31 арнаның Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.
Алаяқтар көлік астына түсіп, қойылым жасаудан да тайынбайды. Ең сорақысы, айланың бұл түрі елімізде белең алған. Жолдың ортасымен келе жатқан көліктің астына әдейі жата қалып, жарақат алғандай кейіп танытады. Жол апатының куәгерін де дайындап қояды. Оқиға орнында шешейік деп көлік иесінен қыруар қаражат сыпырып алады.
«Жаяу жүргінші жолға өзі жүгіріп шығып, тиісті емес жерде жолды өтпек болып, машинаға секірді деген бір болжамы бар болатын болса, онда түсініктемесінде атап өткені жөн. Оны өз бетінше шешуге тырыспай ақ қойсын азаматтар өйткені ол заңға қайшы әрекет болады. Қандай да жол-көлік оқиғасы орын алып жатқан болса, міндетті түрде 102-ге хабарласуы керек», - дейді Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар мамандар өздері көлікке пластик заттар лақтырып өзі соқты деп алаяқтардың барын да айтып отыр.Тіпті олар тәртіп сақшыларымен сөз байласып жұмыс істеуі мүмкін екенін ескертеді.