Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келгенін айтты

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келгенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева өзінің көпбалалы ана болуды армандағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, бірнеше жерге барып қаралған. Алайда көпбалалы болу арманы орындалмапты.

“Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ. Бір жерге барсам "Осы сен неге тағы туып алмайсың?" деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе, көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін… Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар. Көріп қалсақ, бас саламыз… "Неғып тумай жүрсің?!", "Жас кезіңде туып алсаңшы", "Қашан барамыз шілдеxанаға?!"… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінемін… Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе, жұрттың көзінше…”, - деп жазды. 

Бұдан басқа ол көпшілікке адамның көңіліне қарауды, орынсыз сұрақ қоймауға шақырды.

“Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік жауапты, естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол… Көп сұраққа жауап беру – ауыр… Адамның көңіліне қарау да мәдениеттің, иманның белгісі..! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік", – деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар