Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күйік жарақатына ұқсас»: Семейде «дәрігерлер күйдірді» деген нәрестеде сирек дерт болуы мүмкін

«Күйік жарақатына ұқсас»: Семейде «дәрігерлер күйдірді» деген нәрестеде сирек дерт болуы мүмкін
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Ана мен бала орталығының дәрігерлері оның күймегеніне сенімді

Семейде «дәрігерлер күйдірді» деген нәресте өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан болуы мүмкін. Қазір Астанадағы Ана мен бала орталығының мамандары оның күйік жарақатын алмағанын анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Кішкентай Әли 2 наурыз күні дүниеге келген. Ата-анасы өмірге аман-есен келген төртінші сәбиін дәрігерлер оңдырмай күйдіріп алды деп шу шығарған болатын. Себебі, семейлік ақ халаттылар алғашында анасына шақалақтың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. Тіпті олар дәрігерлер мұны тәулік бойы жасырып тіс жармағанын да алға тартты. Артынша, медицина қызметкерлері сәбиді «күйдірмедік, бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталды. Осылайша ана мен бала бірден санавиациямен Астанаға жеткізілді.  Қазір нәрестені жан-жақты тексеріп жатыр. Алайда Ана мен бала орталығының дәрігерлері оның күймегеніне сенімді. Бірақ нақты қандай дертке шалдыққанын әзірге анықтай алмай отыр.

«Бізде алдын ала болжам бар. Балаға тромбогеморрогия синдромы диагнозы қойылды. Яғни сәбидің жағдай қан кетудің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Қазір қажет ем-дом жүргізіліп жатыр. Бұл өте сирек кездесетін дерт. Оның белгілері күйік жарақатына ұқсас болады. Әзірге баланың жағдайы ауыр», - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Талғат Ибраев.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар