Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысының экс-депутаты 947 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысының экс-депутаты 947 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Сурет: видеодан скриншот
күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схеманы әзірлеген

Алматы облысы Қарасай аудандық Маслихатының экс-депутаты мемлекеттен 947 млн теңге заңсыз субсидия алған деген күдікке ілінді. ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Экс-депутат жалған құжат жасап, ауыл шаруашылығы басқармасына элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы өтініш берген. Бірақ ешқандай көшеттер сатылып алынбаған. Нәтижесінде ол 474 миллион теңге деп көрсетілген соманың 50 пайыз көлемінде заңсыз субсидия алған.

“Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схеманы әзірлеген, бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған. Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 миллион теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды", - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар