Мәдениет
“Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады”: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы сөз қозғады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 наурыз, 2025
- 139

Әнші марқұм жайында көп нәрсені ашып айта алмайтынын жеткізді
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова оқырмандарының өзіне қойған сұрақтарына жауап бере отырып, марқұм Заманбек Нұрқаділов жайында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушысының бірі әншіге «Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар еді?!» деген сұрақ қойған.
“Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Дәл осындай азаматқа күйеуге шығу арман болмады. Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын. Өйткені марқұм халыққа көп көмегі тиген еді”, – деп жазды әнші.
Айта кетсек, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтқан болатын.
Келесі мақала