"Ұлыңыз енді оянбайды” : Көкшетауда тәрбиешінің телефонын бұзған алаяқ ата-аналарға хабарлама жіберген
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 наурыз, 2025
- 924

Көкшетауда алаяқтар тәрбиешінің телефонын бұзған. Сөйтіп балабақшадағы балалардың бірінің анасына адам шошытарлық хабарлама жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баланың анасы тәрбиешіге ұлын бақшадан ертерек алып кететінін жазған. Сол кезде одан "Ұлыңыз енді оянбайды” деген хабарлама алған.
"Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын... Мен тәрбиешіге Сәлімді балабақшадан ертерек алып кететінімді жаздым. Сол кезде не сезінгенімді білсеңіздер ғой... Көлікте кіші ұлым болған еді, мен оны сыртқа шығарып жібердім. Айқайлап, балабақша директорына хабарластым", – дейді баланың анасы желідегі парақшасында жарияланған видеода.
Әйелдің айтуынша, тәрбиешінің телефонын бұзған белгісіз адамдар басқа ата-аналарға да үрей тудыратын хабарламалар жіберген.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025