Қоғам
Алматыда ер адам мүгедек әйелді жұлқылап жаттықтырмақ болған: полиция тергеу жүргізіп жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 наурыз, 2025
- 757
Полиция аталмыш дерекке қатысты қоңырау, не шағым түспегенін айтады
Алматылық полиция мүгедек әйелді жұлқылап жаттықтырмақ болған ер адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Инсульттан кейін зейнеткерге өздігінен қимылдау қанша қиын болса да, ер адам оны барынша күштейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Ол туралы видео қаладағы «Адиет» тұрғын үй кешенің ауласында түсірілген. Авторы мұндай көріністі күн сайын тұрғындардың бәрі байқайды дейді. Жарымжан әйел жаттығу жасауға қатты қиналады. Бірақ ер адам оған үнемі ұрсып жұлқылайды екен.
Полиция аталмыш дерекке қатысты қоңырау, не шағым түспегенін айтады. Бірақ мән-жайды анықтап, заңға сай шара қолданамыз деп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Кортеждегі заң бұзушылық: 19 хаттама толтырылып, көліктер айып тұрағына қойылды
- авторkyn.kz
- 24 маусым, 2026
Қоғам
Таразда 19 жастағы қызды алып қашпақ болған үш жігітке сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2026




