«Күнде жылайтын болдым»: Карина Мамаш дипломат күйеуінің қысым көрсетіп жатқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 наурыз, 2025
- 206

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелі Карина Госман күйеуі қысым көрсетіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Сәкен Мамашпен болған оқиғадан кейін алғаш рет бетпе-бет наурыз айының басында кездескен.
«Мен ешнәрсе айтпай, үндемей жүрген едім. Бірақ қазір бәрін ашық айтамын. Сәкен балалармен кездесуге қатысты сотты жеңді, сот оны ата-ана құқығынан айырған жоқ. Ол балалармен айына екі рет кездесе алады. Осы айда бірінші рет бетпе-бет кездестік. Наурыз айынан бастап күнде жылайтын болдым. Себебі ол менің өзімді кінәлі етіп жатыр. Сот болатыны, оның түрмеге отыратыны белгілі. Бірақ осы уақытқа дейін кешірім сұрады. Маған манипуляция жасап жатыр. “Карина, сен түсінесің ба? Менің түрмеге отырғанымды қаламайсың ғой? Мен түрмеге отырсам балаларға не айтасың?” деп айтады. Бірақ балалар оның маған қол көтергенін, бәрін өз көзімен көрді ғой», - дейді Карина.
Сондай-ақ, ол пәтерді балаларының атына жазып беретінін айтқан. Бірақ ақша да, пәтер де әлі бермеген.
«Маған 16 миллион төледім деген қағазға қол қоюымды талап етті. Бірақ ешқандай ақша төлеген жоқ. Не пәтер жоқ, не 16 миллион да жоқ», - дейді Карина.