Қоғам
Түркістан облысында 8- сынып оқушысын жүкті қылған ер адамның кім екені белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 наурыз, 2025
- 4.9k

Оқушының анасы қызының ішінің өсіп келе жатқанын байқамаған
Түркістан облысында жүкті болып қалған 8-сынып оқушысын кімнің зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ZTB NEWS telegram-арнасының мәліметінше, Өзбекстанның 37 жастағы азаматы 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Қыздың жүкті екенін анасы жеті айлығында ғана білген. Алайда, күдіктінің туыстары бұл айыптауларды мүлде жоққа шығарып отыр.
Оқушының анасы қызының ішінің өсіп келе жатқанын байқамаған. Алайда ауруханада жүкті екені белгілі болды.
«Тексеруге барсақ, жүкті екенін айтты. Мен осылай білдім. Қызым, "Анашым, сіз жоқта ол мені зорлады. Зорлық жасады, мына Азат" деді. Кейін қызыма "Айтсаң сені пышақтаймын, керек болса сені өлтіремін" деп қорқытқан» ,– деді қыздың анасы.