«Мен зұлымдық жасадым»: актер Серік Шәріп сүйіктісінің бетінен ұрғаны үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 сәуір, 2025
- 667
Белгілі актер Серік Шәріп экс-сүйіктісі Әлия Бутееваның бетінен ұрып жібергені үшін кешірім сұрап, видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Актер өзінің зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтып, бұрынғы сүйіктісі мен оның отбасынан кешірім сұрады.
«Өз басым зорлық-зомбылыққа қарсымын. Бірақ өкінішке қарай, лифтіден Әлия Бутееваны қатты күшпен шығарып алдым. Мұны видеодан бәріңіз көрдіңіздер. Мен өз ісімді ақтамаймын. Мен зұлымдық жасадым және заң аясында барлық жазамды алуға дайынмын. Ұрыс-керіс кезіндегі ашу-ыза бәрімізге таныс деп ойлаймын, бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар. Мен Әлияның бетінен ұрып жібердім. Осы үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығым әсер еткендердің барлығынан кешірім сұраймын», - деді актер.
Айта кетсек, осыған дейін Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева жігітінің қол көтергені туралы жазған болатын. Бұл іс-әрекеті үшін актер ірі медиакомпанияның қара тізіміне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 наурыз, 2026
Блогер Жанабыловтар ісі: Астанада сот отырысы басталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2026




