Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Күн күркіреп, тұман түседі”: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Күн күркіреп, тұман түседі”: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Depositphotos
Бірнеше өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасады. Бүгін Қазақстанның көп жерінде күн күркіреп, тұман түседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кейбір облыстарда жел күшейеді. 

Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жауып, найзағай ойнайды. Сол сияқты Шымкент және Түркістан қалаларында да күн күркіреп, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр жауып, арты бұршаққа айналады, күн күркіреп, жел күшейеді.

Ақтөбе облысында күндіз күн күркірейді деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркірейді. Оралда секундына 18 метр жылдамдықта жел соғып, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында тұман түсіп, күн күркірейді. Желдің күші секундына 20 метр жылдамдыққа жетеді.

Қызылорда, Жамбыл және Ақмола облыстарында күндіз күн күркіреп, желдің жылдымдағы күшейеді

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар