Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы тұрғындары мопедтерін апталап тіркей алмай жүр

Алматы тұрғындары мопедтерін апталап тіркей алмай жүр
Сурет: видеодан скриншот
Полицейлер мемлекеттік нөмір және А1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз жолға шыққандарға айыппұл салынатынын ескертті

Алматыда мопед жүргізушілері темір тұлпарын апталап тіркей алмай жүрміз дейді. Өйткені қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік нөмір жетпей қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

“Нөмір жоқ. Міне, көріп отырсыз, қаншама мопед тұр. Ішіне кірсеңіз, осы міне. Жедел жұмыс болмағаннан кейін, міне, бәрі осылай тұр. Бәрінің қолы байлаулы. Бесінен кейін ешкімді жүргізбейміз дейді, не деген сұмдық!” – деді мопед жүргізушісі Диас Уақбаев. 

Мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қарбалас. Мәселен, 19-аймақтың, яғни Жетісу облысы бойынша мемлекеттік нөмірлер таусылып қалған. Қазір қосымша тапсырыс жасалып, мопед тіркеу ертең түске шейін жалғаспақ. Ал полицейлер мемлекеттік нөмір және А1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз жолға шыққандарға ертеңнен бастап айыппұл салынатынын ескертіп отыр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар