Қоғам
Қостанай облысында блогер өзінен қарызға ақша алғандарды зорлады деген күдікпен ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 сәуір, 2025
- 509

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда
Қостанай облысы Арқалық қаласында 35 жастағы блогерді сексуалды зорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы полиция департаменті ғанын мәлімдеді.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір жәбірленушілер ер адамнан қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде күдікті жыныстық қатынасты талап еткен. Жәбірленушілер бас тартқан кезде, ол олардың еркіне қарсы олармен жыныстық қатынасқа түсті. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Ер адам бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.