Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада өтетін Дженифер Лопестің концертінің билеттері қашан сатылатыны белгілі болды

Астанада өтетін Дженифер Лопестің концертінің билеттері қашан сатылатыны белгілі болды
Сурет: .delfi.lt
Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады

Танымал әнші Дженнифер Лопестің Астанада 1 тамызда өтетін концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Астана концерт» компаниясының мәліметінше, өнер жұлдызының концертінің билеттері 11 сәуір күні сағат 11:00-де ресми түрде сатылымға шығады.

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Айта кетсек, осыған дейін әлемдік жұлдыз әнші Астанада концерт өткізетіні және билеттерінің бағасы қанша тұратынын жазған едік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар