Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық қазақ жігіттерінің өзіне жағымсыз пікір жазатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 6.7k

Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық бойжеткен шешімін ата-анасы, туыстары қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында әңгімелеген.
«Анам күйеуге шығатынымды естіген кезде жұрт не дейді деп айтты. Мен жұртқа тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Менің өз өмірім, өзімнің бақытым. Өзім шешемін дедім. Анам келісті. Маған үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін, әкем туыстарды жинап, “қызым Африкаға кетейін деп жатыр, бірақ біз ештеңе демейміз. Бақытын сол жақтан тапты, осымен тақырып жабылды” деп бірден кесіп айтты. Содан кейін туыстардың ешқайсысы ештеңе деген жоқ. Бірақ, бастапқыда көшеде айқайлап кететіндер болды. “Шошқа, қазақ қараған жоқ, саптама етіктің астына алу керек, өлтіру керек, аттың құйрығына байлап сүйреу керек, баласын құдыққа тастау керек” дегендер көп болды. Неше түрлі нәрселер жазады. Осындай пікірлер көбіне ер адамдардан келеді. Әйелдер алқаш болса да қазақ болсын, таяқ жесем, өз қазағымнан таяқ жейін, қазақ табылмады ма деп жазатын», — дейді Зайда Онуоро.