Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Соттың әділдігіне сенбеймін»: Шерзат Болаттың әпкесі сот отырысына қатысты пікір білдірді

«Соттың әділдігіне сенбеймін»: Шерзат Болаттың әпкесі сот отырысына қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Егер әділеттілік болса, онда уақытша ұстау изоляторында олар торт пен телефонмен отырмас еді

Талғарда аса қатігездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова бүгінгі сот отырысына қатысты пікір білдірді. Ол күдіктілерді жекелеген баптар бойынша соттап жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Перизат Нұрымова марқұм Нұрқанат Ғайыповтың сол күні қалтасында 1 миллион теңге мен жүргізуші куәлігі болғанын айтады. Бірақ ол құжаттар сол күйі табылмаған.

«Оларды жекелеген баптар бойынша соттап жатыр, бірақ біз оларды топ болып әрекет еткендер ретінде қарау керек деп есептейміз. Бұл жай ғана бұзақылық емес, олар баланы өлтіруге барған.

Бұдан бөлек, Нұрқанаттың (Шерзаттың қаза тапқан ағасы – ред.) портмонесінде шамамен 1 миллион теңге мен жүргізуші куәлігі болған. Бұл құжаттар табылған жоқ. Қазір біз бұл туралы айттық, тіркеттік», – деді Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова.

Сонымен қатар, ол соттың әділ өтетініне сенбейтінін жеткізді.

«Жеке өзім соттың әділдігіне сенбеймін. Егер әділеттілік болса, онда уақытша ұстау изоляторында олар торт пен телефонмен отырмас еді», - деді Перизат.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар