Астанада журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстап әкетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 146

Астанада журналист Лұқпан Ахмедьяров ұсталды. Ол Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, полиция өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист өзінің ұсталғанын ер адамдарды Батыс Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге апарып, оларды Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жазғанын себеп болды дейді.
«Менің ойымша, бұл Ресейге алданып кеткен қазақстандықтар туралы жазбама байланысты. Олардың туыстары маған хабарласып, жақындарын соғысқа баруға мәжбүрлеп жатқанын айтты. Бүгін Қазан қаласындағы Қазақстан консулдығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді», — деді журналист тікелей эфирінде.
Астана қалалық полиция департаменті журналистке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
"Қылмыстық іс аясында азамат А тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, Лұқпан Ахмедьяров – қазақстандық саяси журналист, қоғам белсендісі, тәуелсіз "Уральская неделя" газетінің бұрынғы бас редакторы.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025