Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан мен Шымкент тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезді

Түркістан мен Шымкент тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезді
Сурет: baku.ws
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Түркістан мен Жамбыл облысының және Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жер дүмпуін 13 сәуірде Астана уақытымен 09:23-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара, Ленгер, Сайрам, Шымкент, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Арыс, Темірлан, Тараз, Сарыкемер, Аса елді мекендерінде жер асты дүмпуі 3 балл болып сезілген.

Ал Құлан, Меркі, Қаратау, Шаян, Шәуілдір, Жаңатас, Түркістан, Қордай, Кентау, Шолаққорған, Шорнақ, Шу, Төле би, Мойынқұм және Жаңақорған қалаларында 2 балл болды.

«Эпицентрдің координаттары: 39.020º с.е., 71.129º ш.б. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 15 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 14.4, MPV магнитудасы — 6.4. Жер сілкінісінің сезілуі MSK-64 шкаласы бойынша тіркелді», — делінген хабарламада.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар