Басты жаңалықтар
Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды
- автор kyn.kz
- 15 сәуір, 2025
- 923

Мамыр айында үш ірі мереке бар, оған қосымша демалыс күндері берілмекші.
1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Биыл мереке бейсенбіге сәйкес келгендіктен 1 мамырда бір ғана демалыс күні беріледі. 2 мамыр, жұма – жұмыс күні.
Елімізде 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі, ал 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Күнтізбе бойынша Отан қорғаушылар күніне орай қазақстандықтар бір күн – 7 мамыр, сәрсенбіде демалады. Ал 8 мамырда қазақстандықтар жұмыс істейді.
9 мамыр – Жеңіс күні жұмаға сәйкес келгендіктен сол күні демалыс күні болып белгіленген, одан кейінгі екі күн – 10 және 11 мамыр әдеттегідей демалыс күндері болады. Ал 12 мамыр, дүйсенбі – жұмыс күні.
Сәйкесінше, мамырда қосымша демалыс күні 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамырға беріліп отыр.