Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теміртауда фельдшер қызды әріптесі ұрып тастады

Теміртауда фельдшер қызды әріптесі ұрып тастады
Сурет: .instagram.com/103__temirtau
Екі қызметкер бір-бірін жақтырмаған

Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастаған. Ол мас күйінде келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 сәуір күні кешке болған. Соққының салдарынан бойжеткен ми жарақаты, саусақтың сынуы мен түрлі көгеру жарақатын алған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде қызбен "сөйлесуге" барған. Бірақ кейіннен оны тұншықтырып, ұрып-соғып, шашынан сүйреген. Әріптестері онсы әрең ажыратып алған.

Қыз ауруханаға жеткізілген. Артынша ер адам да өзін белгісіз біреулердің ұрып кеткенін айтып, ауруханаға келген.

Полиция 29 жастағы күдіктінің ұсталғанын және бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады. Жанжал екі қызметкердің бір-бірін жақтырмауынан басталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар