Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болат өлімі: сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындаудан бас тартты

Шерзат Болат өлімі: сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындаудан бас тартты
Сурет: zakon.kz
Кейбір сотталушылар кінәларын жартылай мойындады

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға тағылғай айып бойынша сұрақ қойды.

Басты айыпталушы саналатын Абзал Шынасыл кінәсін жартылай мойындайтынын, бірақ “Шерзат Полатқа пышақ сұққан мен емес, мен Нұрқанат Ғайыпбаевқа...” деп жауап берді.

Сотталушы Равил Сәкиев кінәні толық мойындамайтынын айтты.

Сотталушы Белғожаев Шерзат Болатты пышақ сабымен ұрмағанын және тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді.

Сотталушы Әскентай және Ілиясов, Ысқақ та кінәларын мойындамады.

Сотталушы Азамат Тоқтаубаев тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтты.

Ал сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев “кінәмді жартылай мойындаймын 293 бөлігінде Шерзатқа қолымның ұшы тиген жоқ. Нұрқанатты тепкенімді мойындаймын” деді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар