Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 мамырдан бастап: жедел жәрдем енді шұғыл емес жағдайға қызмет көрсетпейді

1 мамырдан бастап: жедел жәрдем енді шұғыл емес жағдайға қызмет көрсетпейді
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Балаларға көмек педиатрдың қатысуымен көрсетілсе, ересек пациенттерге кардиолог, невропатолог сынды профильді дәрігерлер тартылады

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді. Бұдан былай үлкен қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақат сияқты шұғыл емес жағдайға күндіз емханалар жанындағы мобильді бригадалар жауап береді. Олар таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ал түнде және демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадалары бұрынғыдай қызмет көрсете бермек. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қажет болған жағдайда енді мобильді бригадалармен бірге арнайы мамандар да қызмет көрсетеді. Мысалы, балаларға көмек педиатрдың қатысуымен көрсетілсе, ересек пациенттерге кардиолог, невропатолог сынды профильді дәрігерлер тартылады. Бұл қадам жедел көмек көрсету сапасын арттырып, кешігу мәселесін азайтады деп отыр.

«Бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шалады. Азаматтар шұғыл медициналық көмексіз қалмайды. Қажетіне қарай бұл шақыртуға емхана жанындағы мобильді бригада немесе жедел жәрдем бригадасы барады. Барлық қызмет көрсету белгіленген медициналық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады», - ҚР ДСМ, С.Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтау орталығының басқарушы директоры Жанар Ботағарина.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар