Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзбекстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қорқыныштан жүрегі жарылып қайтыс болды

Өзбекстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қорқыныштан жүрегі жарылып қайтыс болды
globallookpress.com
Ол жер сілкуі басталған кезде қатты қорыққан.

Ыстамбұлда (Түркия) болған жер сілкіністері кезінде қатты қорқып, жүрек жетіспеушілігі салдарынан Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулдығы мәлім етті.

2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұлда тұратын отандасымыз жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл қайғылы жағдай Стамбұлда болған жер сілкінісі кезінде азаматтың қатты қорқыныш жағдайына түсуінің салдарынан орын алған, – делінген Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулдығының Telegram-арнасында.

Консулдық өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның денесін отанына жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Түркияның Төтенше жағдайлар мен апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, 23 сәуірде Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында қатарынан бес жер сілкінісі тіркелген. Ең күшті сілкініс магнитудасы 6,2-ге жетіп, шамамен он секундқа созылған. Бұл жағдай қала тұрғындары мен оған жақын провинциялар арасында үрей туғызды. Екі негізгі сілкініспен қатар, тағы үш әлсіз жер сілкінісі болғаны тіркелген.

Бұған дейін Ыстамбұлда жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз. Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығы "Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?" деген сауалға жауап берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдіріп, жеделхат жолдады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар