«Атасы немересімен!»: Айсәуле Бақытбек әкесін көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:42
- 439

Продюсер Баян Алагөзованың қызы блогер Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевпен араласып тұратынын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әкесі мен кішкентай қызының кездескен суретін жариялады.
“Өмір”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырды.
«Баянның ақылдылығы», «Папасының қызы екенін дәлелдеді», «Нағыз әкесінің қызы Айсауле, атасы немересімен!», «Керемет, бул өмір ғой, бәрі болады, ешкім керемет жетісіп журген жоқ, айтқан адам айта берсін, әке асқар тау, ақылды қыз міне осылай болады», «Айсәуленің әкесімен байланысы үзілмегеніне қуандым» деп жазды олар.
Айта кетсек, Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан болатын.
Баян Мақсатқызына экс-күйеуі пышақпен бірнеше рет соққы беріп, 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оны үлкен қызы ашулы күйеуінен құтқарып қалған. Есентаев 9 жылдың 6 жылын өтеп, жәбірленушінің келісімімен бостандыққа шықты.