Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақш-та заңсыз жүрген бір топ қазақстандық депортацияланды

Ақш-та заңсыз жүрген бір топ қазақстандық депортацияланды
Сурет: gov.kz
АҚШ-та жүрген Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары еліне қайтарылды

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарын елден депортациялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Fox Newsарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Өзбекстан депортацияланған азаматтарды қабылдауға келіскен, сонымен қатар АҚШ-тан мигранттарды қайтару үшін чартерлік ұшақтың ақысын да толық төлеген.

АҚШ ведомствосының мәліметінше, АҚШ-тан Өзбекстанға 131 заңсыз мигрант, оның ішінде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары депортацияланған.

Телеарна тілшілері мигранттарды қабылдауші елдің есебінен шығару туралы мәміле Трамп билікке келгеннен бергі бірінші жайт екенін айтады. Трамп әкімшілігі бұл келісімді басқа елдерге АҚШ-пен иммиграция мәселесі бойынша қалай жұмыс істеуі керек екені жөнідегі үлгі деп атаған.

Келісім Мемлекеттік департамент, Ішкі қауіпсіздік министрлігі, Ақ үй және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілдерінің өзбекстандық әріптестерімен бірнеше ай бойғы дипломатиялық өзара іс-қимылының нәтижесі деп атап өтті журналистер.

"Біз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке 131 заңсыз иммигрантты еліне қайтару үшін рейс жібергені үшін алғыс айтамыз.

Біз Өзбекстанмен өзара қауіпсіздігімізді нығайтып, заң үстемдігін сақтау бағытында жұмыс істеуді жалғастырамыз" - деді ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноем.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар