Елімізде шенеуніктер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруге міндеттелді
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 мамыр, 2025
- 697
Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Енді шенеуніктер телефон тұтқасын үш қоңырауға дейін көтеру керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Бекітілген ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеру керек. Одан кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс.
Енді қызметкерге сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Бұл талаптарды орындамаған маман жауапқа тартылады.
“Осы әдеп кодексінің нормаларының бұзылуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолданылады”, – деді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова.
Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026




