Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Делайте, жігіттер": Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай сол түні кімнің бұйрық бергенін айтты

"Делайте, жігіттер": Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай сол түні кімнің бұйрық бергенін айтты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Қаржаубай Нұрымов Шерзатқа қастандық жасар алдында кімнің бұйрық бергенін атады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында Қаржаубай Нұрымов пен іске куәгер ретінде қатысып жатқан Самат Абдықадыр арасында тергеуде болған беттестіру кезіндегі видео көрсетілді. Марқұмның әкесі оның "делайте, жігіттер" деп айтқанын естіген. Ал куәгер Санат бұл айтылғандарды жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл видеоның көрсетілуіне Санаттың 28 сәуір күні жауабынан кейін және тағы куәгерлердің сөзінен кейін қайта себепкер болды. Куәгерлердің айтуынша, дүкен алдына келген "Чика" өзін "шалмын" деп таныстырған. Артынша дүкеннің есігін ашып, ішке кіріп "делайте" деп достарына бұйрық берген. Осы сөзден кейін төбелес басталған.

Видеода Қаржаубай Нұрымов оқиға болған күні жанжалға қатысушыларға Самат Абдықадыр нұсқау жасап, «делайте» деп айтқанын жеткізді.

«Дүкеннің алдында төбелес болмастан бұрын Нұрбол, Дархан дегендер жігіттерін шақыра бастады ғой. Сол кезде дүкеннің алдына Accent және кабан (мерседес) көлігі келіп тоқтады. Бұл жігіт (Самат) түсті. Оның жанында тағы екі жігіт болды. Екі көлік тоқтап, Самат кабандағы жігіттердің бәрімен амандасты. Нұрбол, Дархан, Нұрқиястармен амандасты. Нұрқанатпен де амандасып, екеуі сөйлесіп тұрып қалды. «Бір жерден көрдім ғой» деген сияқты әңгіме болды. Мен дүкеннің алдында тұрдым. Нұрқанатқа «мен төбелеспеймін ғой, мен шалмын ғой, төбелеспеймін, мен үшін жігіттер сөйлеседі» деген сөз аузынан шықты. Нұрқанаттан «бәрі дұрыс па?» деп сұрап едім, ол маған «дұрыс, танимын ғой» деді. Сосын мынау (Самат) «делайте» деді. Осы жігіттің аузынан осы сөз шықты, дейді Қаржаубай Нұрымов видеода. 

Бірақ Самат Абдықадыр Қарджаубай Нұрымовтың сөзін жоққа шығарады. 

«Жауаптарымен келіспеймін. Нұрқанатпен сөйлескеннен кейін біз дүкенге кіріп кеттік. Дидар екі сыраны алып келіп еді, сатушы болмады. Сатушы кім деп едік осы кісі (Қаржаубай) кірді. Мен ақшамды алып, төлейін деп едім, сыртта “гүрс” еткен дауы естілді. Сол кезде аға (Қаржаубай) бізді “шығыңдар” деп дүкеннен қуып шықты. Сосын біз көлікке отырып, кетіп қалдық. “Делайте” деп айтқан жоқпын. Себебі ол адамдарды танымаймын. Кабанмен келген жігіттермен де амандасқан жоқпын, ешқайсын танымаймын да», дейді куәгер Самат. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар