Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыға ұшуға тыйым салып, оны психдиспансерден бір-ақ шығарған

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыға ұшуға тыйым салып, оны психдиспансерден бір-ақ шығарған
Сурет: kzkazan.ru
Әуе компания жолаушыны қара тізімге енгізген

Шымкент тұрғыны FlyArystan әуе компаниясы өзін себепсіз рейстен шығарып, «қара тізімге» енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Атырау әуежайында орын алған. 

azh.kz сайтының мәліметінше, Айжан Кеңесова жолжүгін тіркеуден сәтті өткізіп, ұшаққа мінер кезде оған супервайзер ұшуға тыйым салынатынын айтқан. Бұған ашуланған әйел эмоциясын ашық білдірген. Оқиға видеоға түсіріліп, кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полиция оны психоневрологиялық және наркологиялық тексеруден өткізуге жіберген. 

Тексеру нәтижесі бойынша Айжанның психикасында ауытқу жоқ, қанда алкоголь табылмаған.

Соған қарамастан, FlyArystan компаниясы оның әрекетін қауіпті деп бағалап, оны «ұшуға тыйым салынғандар» тізіміне енгізген.

“Мен шок жағдайында болдым. Мені еш түсіндірместен, көпшілік алдында рейстен алып тастады. Кейін полицияға тапсырды, мені қылмыскер секілді көрсетті. Бұл – масқара, әділетсіздік”, – деді Айжан әлеуметтік желіде.

Қазір ол FlyArystan-нан өзіне қатысты шектеулерді алып тастауды, билет ақысын қайтаруды және ішкі тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Егер бұл талаптар орындалмаса, сотқа жүгінетінін ескертті.

Ал әуе компаниясы әзірге бұл жағдайға байланысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар