Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Басқа жолды таңдады”: Бишімбаевтың қарындасы ағасын ақтап, Нүкенованың қателігін айтты

“Басқа жолды таңдады”: Бишімбаевтың қарындасы ағасын ақтап, Нүкенованың қателігін айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Қуандық Бишімбаевтың қарындасы ағасын қолдады

Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева жеңгелері туралы айтып, ағасын қорғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

Аружанның айтуынша, Нүкенованың денесінде ауыр жарақаттар болмағанын және қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылықтың дәлелі жоқ деп түсіндірді.

Ол Бишімбаевты маньякпен немесе сериялық қылмыскермен салыстыратындарды «ақылсыз фанаттар» және «дұрыс ақпарат оқымайтындар» деп ашуын білдірді.

Сондай-ақ, Аружан Бишімбаева марқұм Нүкенованың өзі кінәлі екенін атап айтты. Сөзінше, Салтанатты ешкім ұстап отырмаған. Ол бірнеше рет кетіп қалуға мүмкіндігі болған.

«Оны ешкім ұстап, азаптаған жоқ. Жүз рет кете алатын еді. Бірақ басқа жолды таңдады да, қателесті», — деді Бишімбаева.

Бұдан бөлек, ол Бишімбаевқа берілген жаза «тым қатаң» деп санайды. 

Бишімбаевтың қарындасы ағасының бұрынғы жұбайлары жайлы да айтты. Ол Қуандықтың бірінші әйелі ешқашан зорлық жайлы шағымданбағанын алға тартты. Оның сөзіне қарағанда, егер әйел «жақсы» болса, әсіресе үш баласы бар болса, одан ешкім кетпейді.

«Үш баласы бар жақсы әйелдерден ешкім кетпейді», — деді ол.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев 2024 жылдың мамыр айында әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар