Спорт
Англиядан елге оралған Елдос Сметов қазақстандықтарға үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2025
- 49

Елге оралған Елдос Сметов көпшіліктен спортшыларды қолдауға шақырды
Англияға ағылшын тілін үйренуге кеткен дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды. Ол көпшілікке үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы Астана тұрғындарын 9-11 мамыр аралығында өтетін Grand Slam турнирінде спортшыларды қолдауға шақырды.
«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызға қайырлы күн! Мен Астанаға келдім және сіздерді ертең басталатын турнирді қолдауға шақырамын. Біздің спортшыларға бірге қолдау көрсетейік. Мен елордаға спортшыларымызды қолдау үшін арнайы келдім», — деді Сметов.
Бұл жарысқа Елдос Сметов қонақ ретінде қатысады.
Еске салсақ, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 4 айға Англияға тіл үйрену курсын оқуға кеткен болатын.
Келесі мақала