БҚО-да прокурор өз-өзіне қол жұмсаған
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурордың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде Теректі ауылындағы Сұңқар көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.
Бұл ақпаратты БҚО прокуратурасы растады. Әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов 1983 жылы туған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«2025 жылғы 8 мамырда үйінің ауласында аудан прокуратурасының қызметкері суицид жасады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Прокуратураның мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді БҚО полиция департаменті жүргізіп жатыр», — деп мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Астанада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді
- авторkyn.kz
- 14 мамыр, 2026
Қоғам
Астанада Қазақстан жұмыс берушілері қауымдастықтарының I Ұлттық форумы өтеді
- авторkyn.kz
- 14 мамыр, 2026




