Біраз уақыт бұрын далада қалдым деген Нұрғали Нүсіпжановқа 2 бөлмелі пәтер сыйлады (Видео)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:03
- 957

Нұрғали Нүсіпжанов Астанада Досымжан Таңатаровтың концертінде өнер көрсеткен. Әнін орындап біткен әншінің қасына кәсіпкер шығып, дүйім жұрттың көзінше пәтер кілтін тарту етті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Нұрғали Нүсіпжанов қуанғаннан шапанын Досымжан Таңатаровқа кигізді. Ал Таңатаров өзінің сырт киімін кәсіпкерге ұлестірді.
Бұл туралы журналист Айнұр Омар өз парақшасында хабарлады.
"Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен!!!", – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұдан бірнеше ай бұрын денсаулығы сыр берген Нұрғали Нүсіпжанов туралы ақпарат тарады. Ол ауруханада ем алып жатқан. Қасында емделген жазушы Софы Сматаев 90-ға жақындаған қарияның шарасыз хәлі жайлы жазған еді.