Ақтөбеде әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2025
- 204

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына екі адамды заңсыз бостандықтан айырып, өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс жолданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдікті таныс әйелмен жанжалдан кейін жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені анықталды. Артынша әйелді кепілге алған.
Оқиға орнына жеткен «Арлан» арнайы жасағының жедел әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші аман-есен босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.
Күдіктіге келесі баптар бойынша айып тағылды:
Адамды өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандықтан айыру;
Екі және одан да көп адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру және зорлық-зомбылықпен заңсыз бас бостандығынан айыру.
Сот процесінде мемлекеттік айыптауды процесуалдық прокурор қолдайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде студент өлі табылды: қылмыстық іс қозғалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 маусым, 2025
“Жаңбыр, бұршақ”: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 маусым, 2025