Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Дәрігерлердің қателігінен балам шетінеп кетті»: Майра Ілиясова өмірде көрген қиыншылықтарын айтты

«Дәрігерлердің қателігінен балам шетінеп кетті»: Майра Ілиясова өмірде көрген қиыншылықтарын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Майра Ілиясова өмірі туралы сырт шертті

Халық әртісі Майра Ілиясова басынан өткен оқиғаларын айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді.

«Көп адамнан «анамның жасынан өттім, әкемнің жасынан асып кеттім» деген сөздерін естимін. Соған қарағанда, ондай мистика бар сияқты. Бірақ, шынымды айтсам мені ондай ойлар мазаламапты. Мен 37 жасымда ауырған жоқпын, аяғымнан жүре алмай қалған жоқпын. Қазір жетпістемін», - дейді Ілиясова.

Әнші екінші сәбиінің шетінеп кеткенін, оны босану кезінде ауыр жағдайға түскенін айтты.

«Иә, мен екінші баламды тоғыз ай бойы аман-есен көтеріп жүрдім. Босанып жатқанда дәрігерлердің қателігінен балам шетінеп кетті. Менің басым айналып кетіп, дәрігерлер сұйықтық жалғарда мені құлатып алыпты. Қазақ «мүшел жаста бір қатер болады немесе қатты қуаныш болады» дейді екен ғой. Міне, менің басымнан осындай жағдай өтті. Қазір жалғыз қызым – Тоғжаным бар», - дейді Халық әртісі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар