Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мені немесе оларды таңдайсың»: Тұрсын Алагөзовтің әйелі бұрынғы күйеуінің оған қойған талабы туралы айтты

«Мені немесе оларды таңдайсың»: Тұрсын Алагөзовтің әйелі бұрынғы күйеуінің оған қойған талабы туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Кәсіпкердің бұрынғы әйелі сол үшін құрбыларымен араласпай кеткен

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелінің ажырасқан құрбыларымен араласуына қарсы болып, оған талап қойған. Ол әйелін өзіне бағындыруға тырысқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ляйсира Марат желідегі парақшасында бөлісті.

 «Бір кездері мен ажырасқан құрбыларыммен араласуды тоқтатқан едім. Себебі күйеуім «Олармен араласушы болма. Бұл ұят болады» деп талап қойды. Ол маған «Мені немесе оларды таңдайсың» деген шарт қойған еді. Мен... оны таңдадым. Осылайша мен бірінші өзімді таңдаудан қалыппын. Ажырасқаннан кейін өзімді қайта таптым, өзімді жақсы көруді үйрендім. Бақытты және еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма сатқындық жасаппын. Кейіннен сол құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір қайта дос болдық», – деп жазды Ляйсира Марат Instagram парақшасында.



 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар