Мәдениет
«Әйелдер өздерінің күйеуін бөлісуі керек»: Нағима Есқалиева кейбір әйелдер туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2025
- 543

Нағима Есқалиева ерлі-зайыптылар туралы сөз қылды
Белгілі әнші Нағима Есқалиева ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы айтып, сөз естіп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әйелдер күйеулерін басқалармен де бөлісу керектігін айтты.
"Осы мәселені парламентте көтергім келеді. Әйелдер өздерінің күйеуін бөлісуі керек. 43 жыл бойы бір адамды меншіктеп алуы масқара ғой", – деді ол.
Нағима Есқалиеваның бұл сөзі желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар неше түрлі пікір қалдыруда.
Олар "Миы орнында ма?","Алжығанның белгісі", "Тек осындай әңгімелер айта ма?", "Біздегі біртүрлі заңдар осындай әңгімелерден кейін шығады" деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
«Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қыркүйек, 2025