«Ерекше сезімге бөленіп тұрмын»: америкалық отбасы асырап алған қарағандылық қыз 20 жылдан соң Қазақстанға келді
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 мамыр, 2025
- 509
Америкалық отбасы асырап алған қарағандылық қыз 20 жылдан соң алғаш рет туған жерін көру үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.
Ол 12 мамырда Астанаға ұшып келді.
Қазір АҚШ азаматтығын алған қыздар өздерін туған елімен жақынырақ танысып, тамыры туралы білгісі келеді.
"Мұнда келгенімде өте ерекше сезімге бөленіп тұрмын. 19 жыл бойы көрмеген әпкемді көрдім. Бізді қазақ дәстүрі бойынша қарсы алды. Бауырсақтардың дәмін есіме түсірдім", – деді Сүйкімді Коллинс.
Сүйкімдіні Шерон есімді америкалық әйел асырап алған. Оның өзінің екі ұлы бар. Кейін бес қазақстандық қызды асырап алған. Шерон да қыздарымен бірге Қазақстанға келді.
Гүлмира Дайрабайдың айтуынша, бірнеше жыл өтсе де, қыздарды туған анасы іздемеген. Алайда қазақ қыздары елді өздері іздеп келіп, туған жерлерімен таныспақ.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




