Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мені жылаттыңдар!»: Фариза Төреәлі туған күнінде күтпеген бағалы сыйлық алды

«Мені жылаттыңдар!»: Фариза Төреәлі туған күнінде күтпеген бағалы сыйлық алды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Төреғали Төреәлінің қарындасы туған күнінде сыйлық алып, жылап қалды

Белгілі блогер Фариза Төреәлі туған күнін атап өтіп, жақындарынан бағалы сыйлық алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Төл мерекесінде сіңлісі Дина Төреәлі Rolex сағатын сыйлады. 

“Осындай жақындарым барына шүкір. Шынымен бар фокусым тек қонақ күтуде болып жүргенде тілек айтып осындай сыйларын туған күніме орай табыстағанда сезімдерімді ұстай алмай қалдым. Ата-анам, ағам-жеңгемнен өзім қалап жүрген сырғаны алдым. Ера мен Динок өзімде жоқ сағат сыйлады. Токиш құрбым сақина берді. Ештеңе күтпегенде, тосыннан келгенде ерекше сезім. Алғысым шексіз, мені жылаттыңдар!” – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары туған күн иесіне ізгі тілектерін жазды. Алайда, кейбіреулері сыйлыққа алған бренд заттарды талқыға салды.

“Rolex көліктен қымбат тұрады деп ойлаппын. 6 миллион теңге де аз ақша емес”, “Фаридың жылағаны өтірік болып қалды”, «Өзім алғандай эмоция беріліп көзіме жас келіп», «Игілігіңізге жақсысылыққа тағыңыз» деп жазды оқырмандары.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар