Таразда депутат соққыға жығылды: журналист оқиғаға қатысты тың мәлімет айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2025
- 53

Алматы облысына қарасты Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің соққыға жығылған болатын. Бұған қатысты журналист Михаил Козачков оқиғаның негізінде қалай өрбігенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Козачков бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Заңгер ол жерге клиенттерімен кездесуге барған. Депутаттың соққыға жығылуына қатысты бірнеше деректер айтылған.
"Менің деректерім бойынша, Нұрлан Байғазиев кафеде отырған. Ол бөтен үстелге барып, телефонын қуаттауға қойған. Сол үстелде кішкентай сәбиін тербетіп отырған әйелмен сөзге келіп қалады. Әйел үстелде отбасымен отырған, ал депутат телефонын қойған жерде басқа бала отырған екен", – деп жазды Козачков.
Журналистің жазуынша, Байғазиев пен үстелде отырған әйел сөзге келіп қалған. Сол сәтте оның күйеуі араша түскен екен. Козачков ер адамдардың арасындағы кикілжіңді тұрмыстық жанжал деп атады.
"Байғазиев дәл осы үстелде телефонын қуаттауы керек екенін айтып, өз талабынан қайтпаған. Соның кесірінен жанжал күшейген. Соңында әлгі ер адам Байғазиевке бір рет соққы жасаған. Меніңше, бұл тұрмыстық жанжал ғана", – деп жазды Козачков.
Соққыға жығылған Байғазиев ауруханада жатудан бас тартқан. Алайда дәрігерлер асқыну қаупі барын ескерткен.