«Оттамасын»: Мұхтар Тайжан алашордашылар орыс әйелдерін алғаны туралы айтқан Майя Бекбаваға жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2025
- 61

Белгілі белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан журналист Майя Бекбаеваның алашордашылардың "орыс әйелдерін алғаны" туралы пікіріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мұхтар Тайжанның айтуынша, қазақ қыздары басқалардан артық болмаса кем емес.
«Қазақ қыздары "неконкурентоспособный" дей ме? Оттамасын. Мысалы, менің Әкем жастық шағында Мәскеуде оқыса да, өмір бақи шетелде дипломат ретінде жұмыс істесе де - қазаққа үйленді. Мен өз басым Варшавада оқып жүрсем де - қазақ қызына үйлендім. Ұлым Ұлы Британияда оқып, бітіріп, жұмыс істеп жүрсе де - қазақ қызымен шаңырақ құрып жатыр. Сол - қазақ қыздары өте "конкурентоспособный" деп айтуға толығымен құқығым бар. Біздің қыздар басқалардан кем емес әрине, артық болмаса. Ал біз, ер адамдар, оларды сөзбен ғана емес - іспен құрметтеуміз керек.
Әйелдерге қол көтеру, қыздарды ұрлау, сөзбен кемсіту - ұят әрекеттер болып саналуы тиіс. Нағыз қазақтың жігіттері өз әйелдерін сыйлайды, құрметтейді, қадірін біледі, қорғайды. Солай болуы тиіс. Қазақ қыздары - ұлттың ұясы. Олардың 98-99% қазақ жігіттеріне тиеді, сол үшін оларға дән ризамын. Қазақ қыздары алға! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!», - дейді Тайжан.
Айта кетсек, осыған дейін журналист Мұхтар Түменбай Майя Бекбаева өз бейнежазбаларының бірінде қазақ әйелдерін кемсітіп пікір білдірді деп жазған еді. Алашордашылар туралы бейнероликте олардың "орыс әйелдерін алғаны" талқыланған.