Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Екінші қатыным боласың”: Атырауда ер адам өгей қызын бес жыл бойы қорлап келген

“Екінші қатыным боласың”: Атырауда ер адам өгей қызын бес жыл бойы қорлап келген
Сурет: Рүстем Баязиев парақшасынан
Өгей әкесі зорлап келген қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге айтпаған

Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам бес жыл бойы өзінің 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы abdulla_kz_kz парақшасы жазды. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Тек кейінірек батылдық танытып, бар шындықты туысына айтып берген. 

Қорлық 2018 жылы қыздың анасы перзентханаға кіші баласын босануға кеткенде басталған. Анасы үйде болмаған кезде зорлық-зомбылық тыйылмаған. Ер адам қызды түрлі жолмен қорқытқан. Ол ешкім сенбейтінін, егер біреуге айтса, анасынан айырылып, үйден қуылатынын айтқан. Қыз қорқынышпен өмір сүріп, үндемей жүрген. Ақыры бір күні ол туысына сеніп, болған жайтты айтып берген. 

Атырау тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты азғындық әрекеттер жасалғаны туралы арыз түсірді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Полиция барлық тараптардың құқықтарын қамтамасыз ете отырып, заң аясында әрекет етуде”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар