Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:23
- 374

Әнші Роза Әлқожа өзінің үнемі қонақ шақыратынын айтып, бірақ үйіне ешкімды шақырмайтындарды сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бүгінгі адамдардың жалқауланып бара жатқанын сөз етті.
"Жақсылардың басын қосып ішкен бір шәугім шай бәрінен тәтті. Бүгінгі заманда адамдар жалқауланып бара жатқаны жасырын емес. Ал көңілді көтеретін, жүректі жұмсартатын – жылы жүздесу. Маған үйде бір ауық мал сойылып, ет асылып, бауырсақ пісірілмесе, қонақ келмесе береке болмай тұрғандай көрінеді. Дәмханадан іше салғаннан төр көрсеткен, төредей төрге шығарғанның жөні бөлек. Осы нағыз қазақы қалыбыммен қала беретін шығармын?!" – деп жазды әнші.
Айтуынша, дәм-тұзы жарасып, бір-біріне қонақ болып жүргенге ешнәрсе жетпейді.
"Кеше аяқ астынан қонақ шақырдық. Үш жылдан бері сапарға бірге шығып, қуанышымды бөліскен Әділ Өтемістің ата-анасын, нағашы әпкелерімді, құдаларымды үйге шақырдым. Ана дүниенің қандай екенін көрерміз, ал мына дүниеде дәм-тұз қарыз болып қалмайық...", – деді ол.