
Алматыда тоқ соққан екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді
Алматыда «Жастар» тұрғын үй кешенінде жөндеу жүргізіп жатқан екі электр қызметкерін тоқ соқты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Krispastana Telegram-каналы мәліметіне мәлім етті. Зардап шеккен екі жұмысшы ауруханаға жеткізді.
«Жеке қызмет көрсету компаниясының екі қызметкерінің электр тоғы соғуы фактісі бойынша, Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.