Қоғам
«Былықтың беті ашылды»: Руслан Өтепбай Алматыда терезеден құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның құрбысының бірінен сұхбат алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 мамыр, 2025
- 2.3k

Журналист марқұмның өліміне қатысты кейбір жайттың беті ашылғанын айтты
Алматыда тұрғынүйдің терезесінен құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты іс қоғамдық резонанс туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың 20 шілдесінде Ақнәрмен бір пәтерде болған екі қыздың бірі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді.
«Сол күні пәтерде Ақнәрмен бірге болған қыздардың бірінен сұхбат алдым. Журналистік зерттеу жүргізу барысында біраз жайттың беті ашылды. Тіпті бірнеше дәлел мен нақты дәйектерге қол жеткіздім. Бұл сұхбатты құқық қорғау органдары да көріп, аталған екі қызға қатысты тиісті шара қолданады деп үміттенемін», – деп жазды Өтепбай өзінің Instagram парақшасында.
Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.