Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Полат ісі: тағы бір адвокат істен шеттетілгенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Шерзат Полат ісі: тағы бір адвокат істен шеттетілгенін мәлімдеді (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Адвокат өзінің істен түсініксіз себептермен қуылғанын айтты

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Бағдат Амандосұлы істен қуылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, белгісіз кісілердің кесірінен істен үнсіз шеттетілген.

«Мен халықаралық құқық магистрімін. Оқутышылық қызметімді санамағанда 10 жылдық кәсіби заңгерлік тәжірибемде талай істі көрдім. Соның ішінде Шерзаттың ісіне қатысуға ұсынысты үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Кейін, мен бір кісілердің кесірінен, түсініксіз себептермен үнсіз шеттетілдім. Мен үнсіз қалмауға бел будым. Сот цирк емес, күлетін немесе ұйықтайтын орын емес. Ол – орган, адамның тағдырын шешеді. Мен бұл іске шын жүректен кірістім. Аптасына екі күн толық сот процесіне қатыстым. Ал қалған күндерімді куәларға, сотталушыларға және мамандарға сұрақтар дайындау мен талдаумен болдым», – дейді адвокат. 

Бағдат Амандосұлы Шерзат ісіне өзгенің имиджіні емес, ақиқатқа жету үшін атсалысқанын жеткізді.

«Бірақ бұл істе жан-тәнімен емес, тек сыртқы атақ үшін ғана келген адамдарға бөгет болған сияқтымын. Біреулердің “мен ғана сөйлеймін, мен ғана халыққа көрінемін, мен ғана халықтың алдына шығамын, мен ғана сұхбат беремін, кімде-кім сотта маған қарсы келсе немесе алдымнан шықса, істен шығарамын. Себебі бұл менің ғана ісім, менің ғана ережем, сендер тек қана жалдамалысыңдар, естеріңде болсын” деген секілді түсініксіз талаптар маған біртүрлі көрінді. Бірақ мен үшін сот ток шоу алаңы емес. Бұл дәлелдер зерделенетін, оған құқықтық тұрғыда баға берілетін, нәтижесінде тиісті акт қабылдауға түрткі болатын орган. Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірімді ескертусіз қалдырып, ал кейбір сұрақтарымды, өтініштерім немесе қарсылықтар айтқан әріптестерім бірінен соң бірі бұл процеске қатысуға құқығынан айырылды. Бұл кәсібилікке емес, эго мен монополияға сүйенетін тәсіл деп ойлаймын. Мен бұған төзбеймін. Себебі мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатқа жету үшін атсалыстым», – дейді адвокат. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар