Алматыда қыз алып қашқан көлік жол апатына ұшырады: бойжеткен көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 мамыр, 2025
- 639

Үлкен Алматы айналма жолында қыз алып қашқан көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ztb.news парақшасында жарияланды.
Оқиға 24 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен жанама соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан Mercedes-Benz инерциялық соққыдан аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаменті кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, ал аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға қыз алып қашып келе жатқанда болған. Екі тараптың келісімімен қыз Талдықорғаннан Алматыға алып қашылған.