Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Басқа пәтерде оянған»: Қарағандыда 16 жастағы қызды бес жігіт жабылып зорлаған

«Басқа пәтерде оянған»: Қарағандыда 16 жастағы қызды бес жігіт жабылып зорлаған
Сурет: baku.ws
Колледж студентін өз қатарластары зорлап, жалаңаш күйінде видеоға түсіріп алған

Қарағандыда 16 жастағы колледж студентін қатарластары топтасып зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің әкесі болған жайт туралы айтып, әділ тергеуді талап етеді.

Ер адамның айтуынша, топтық зорлау ісі ағысдағы жылдың ақпан айында болған. Қыздың құрбысы сол күні оны қыдыруға шақырған.

«қызым сол күні құрбысына шыққан. Біздің бұл туралы хабарымыз жоқ, өйткені ол күні басқа жақта едік. Келгеннен кейін қызымыздың тұйық болып қалғанын байқадық. Ол ұзақ уақыт бойы болған оқиға туралы айта алмады. 25 ақпанда ғана болған оқиғаны білдік. Қызымды зорлаған күдіктілер сол түні оны басқа пәтрде, жалаңаш күйінде видеоға түсіріп алған. Сөйтіп әлеуметтік желіге жариялаған», - дейді жәбірленушінің әкесі.

Анық болғандай, қызды бес кәмелет жасқа толмағандар зорлаған. Бірақ олардың үшеуі сотталып, қалғаны екеуі бостандықта жүр. Жәбірленушінің әкесі болған жайтқа қызының құрбысы да кінәлі екенін алға тартты. Себебі сол түні қызды сол шақырған. Қыз есін жоғалтып, сөйтіп басқа пәтерде оянған.

«Қызды зорлап болған соң, ертесінде оны сол пәтерде ұстаған. Таблетка берген. Олардың біреуі оның туысы ҰҚК-де жұмыс істейтінін оған ештеңе болмайтынын айтқан. Тіпті сотталса да бірнеше айдан кейін шығатынын мәлімдеген. Оны әбден қорқытқан. Біз ешнәрсе анықтамаймыз, бірақ осыны да тексеруін талап етеміз», - дейді әкесі.

Қарағанды ​​облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс ақпан айында қозғалған. Үш күдікті қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар